Ешім ауылдық кітапханасында "Мемлекеттік егемендік-тәуелсіздікке бастар жол", тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекетік егемендігі туралы Декларацияның 35-жылдығына арналды. Қатысушылар Декларацияның тарихымен танысып, егемендік пен тәуелсіздіктің ел үшін маңызын талқылады. Шара барысында бейнепрезентация көрсетіліп, "Тәуелсіздік Қазақстан: тарихтан тағылым" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара танымдық сипатта өтіп, қатысушылардың отансүйгіштік сезімін арттырды.
