Наурызнама тұжырымдамасы аясында 15 наурыз - Қайырымдылық күніне орай «Мейірімділік шуағы» атты шығармашылық кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты - қатысушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық және алғыс айту сезімдерін қалыптастыру.
Іс-шара барысында қатысушылар өмірінде өздеріне көмектескен адамдарға арнап стикерлерге алғыс сөздерін жазды. Кейін бұл жазбалар ағаш пішінінде жасалған ортақ панноға жапсырылды. Әрбір жазба игі іс, қолдау мен шынайы алғыстың белгісін білдірді.
«Мейірімділік ағашы» панносы жылылық пен өзара көмектің символына айналып, жақсылық жасау адамдарды біріктіріп, әлемді жарық әрі мейірімді ететінін еске салды.