16 сәуірде Қима ауылдық кітапханасы кіші топ оқырмандарына арналған "Мейірімділік пен игі істер" ақпараттық сағатын өткізді. Іс - шара барысында "Мейрімділік" терминінің анықтамасы берілді. Балалармен "Досыңа жүрек сыйла" ойыны өткізілді. Әрі қарай қатысушылар "Бәрі сенің қолыңда"деген астарлы әңгімені тыңдады. "Досыңа көмектес" ойыны арқылы эмпатияны дамытуға ерекше назар аударылды. Ойыннан кейін талқылау өтті, оның барысында қатысушылар өз сезімдерімен бөлісті және көмек көрсетудің және барлығына қолжетімді орта құрудың маңыздылығы туралы қорытындыға келді.