Белағаш ауылдық кітапханасы «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» акциясына арнап «Мәлімдеме қабырғасы.Мен қарсымын» атты шара ұйымдастырды. Кітапханаға келушілер арнайы қабырғаға «Мен қарсымын...» деп басталатын мәлімдемелер қалдыру арқылы өз ұстанымдарын білдіруге шақырылды.Стендте зорлық-зомбылыққа, агрессияға, қатыгездікке, қорқытуға және басқа да жағымсыз әрекеттерге мүлдем төзбеушілік білдіретін хабарламалар ұсынылды. Акция сыйластық мәдениетін тәрбиелеуге, қауіпсіз ортаны сақтауға, отбасы мен қоғам құндылықтарының маңыздылығына назар аударуға бағытталған.Кітапхана мейірімділік, өзара көмек және зорлық-зомбылық жасамау идеяларын насихаттау бойынша жұмысын жалғастыруда.
