Лозовое модельді ауылдық кітапханасында Баубек батырдың 200 жылдығына орта топ оқырмандарға «Қазақ даласының ұлы батыры» атты тәрбие сағаты өтті. Шара барысында балалар аңызға айналған батырдың ерлікпен өткен тарихын білді. Бас батыр және ханның адал көмекшісі Кенесары Қасымов тарихтағы қазақтың соңғы ханына адал болып қалды. Мақсаты: Баубек батыр туралы әңгімелеу, туған жерінің тарихы мен ерлік өткені туралы білімдерін кеңейтуге үлес қосу, патриоттық сана сезімін тәрбиелеу.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3622995847919501&id=100006273636887&mibextid=Nif5oz
2024 жылдың 1 ақпанында Киров орта мектебінде Киров ауылдық кітапханасының кітапханашысы тарих пәнінің мұғалімі М. К. Калашиновпен бірлесіп, аты аңызға айналған қазақ батыры, Баубек Бекмырзаұлының 200 жылдығына арналған "Ұлы Дала аңызы", тарих сағатын өткізді. М. Қ. Калашинов "Баубек Батыр" бейнебаянын көрсетті, ал кітапханашы қатысушыларды Баубек батырдың өмірбаянымен және "Жақсының жақсысы Баубек батыр" кітабымен таныстырды. Мақсаты: өскелең ұрпақ батырлардың есімдерін білуі және ұмытпауы үшін Баубек батырдың тарихымен таныстыру.
Жаңа Қима ауылдық модельді кітапханасы Баубек батырдың 200 жылдық мерейтойына орай «Халық қаһарманын еске алу» атты тақырыптық кеш өткізді.
Мақсаты: Баубек батырдың Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлігі мен қаһармандығы туралы білімдерін дамыту, оның мемлекет тарихындағы орны мен рөліне баға беру.