"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

12 желтоқсанда Киров ауылдық кітапханасында жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлт бірлігі – болашақ кепілі» тақырыбында дәріс өткізілді. Шараға ауылдың құрметті тұрғыны Шәкеев Ұзақбай Тастанбекұлы қонақ ретінде шақырылды. Дәріс барысында қазақ тілі – ұлтты біріктіруші негізгі фактор екені, қоғамдық келісімнің маңызы, мәдениет пен дәстүрлерді сақтау туралы маңызды мәселелер талқыланды. Қонақ өз тәжірибесімен бөлісіп, жастардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік осылай туды» атты тарихи бейнесабақ көрсетілді. Қатысушыларға ел егемендігіне апарған негізгі оқиғалар, соның ішінде 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі, ұлттық көшбасшылардың рөлі мен Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері туралы материалдар ұсынылды. Көрсетілімнен кейін ашық пікірталас өтіп, жастар тәуелсіздіктің маңызы мен ел болашағы туралы өз ойларымен бөлісті. Шара жас ұрпақтың тарихи санасын, патриоттық сезімін қалыптастыруға және мемлекеттік құндылықтарға құрметпен қарауға ықпал етті.

Мемлекеттік бағдарламалар