Қарияларымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек. Себебі, олардың біздің айбынды елдің адамгершілікті ұрпағы болып өмір кешуімізге, атамекеніміздің рухани бекем, рухы асқақ елге айналуына қосқан үлестері мен еңбектері ерен. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұжымы Наурыз мерекесінің қарсаңында, бүгінгі күні еңбектерінің зейнетін көріп отырған кітапхана ісінің және мәдениет саласының ардагерлерін 18 наурыз күні коворкинг орталығында жинап,бастарын қосты. Кездесу жылы лебіздерге толы, көтеріңкі көңіл-күйде өтті. Бөлім басшысы Р.А. Ақанова ардагерлерге көп жылғы еңбектері үшін алғысын айтып, келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады. Құрметті ардагерлер! Ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқандарыңыз үшін сіздерге мың алғыс! Өмір жастарыңыз ұзақ,денсаулықтарыңыз мықты,көнілдеріңіз әрқашан көтеріңкі болсын!