26 қаңтар күні Киров ауылдық кітапханасында жастар тобына «Әлібек Асқар – халық рухын жырлаған жазушы» атты портрет-кеші өтті. Іс-шара қазақ халқының рухани құндылықтарын, ұлттық жадысын және тағдырын терең бейнелейтін белгілі қазақстандық жазушы Әлібек Асқардың өмірі мен шығармашылығына арналды.
Кеш барысында қатысушылар жазушының өмірбаянымен, шығармашылық жолының негізгі кезеңдерімен танысты. Оның кітаптарынан үзінділер оқылды. Іс-шара аясында «Жүректен шыққан сөз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда Әлібек Асқардың шығармалары мен оның өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылды.
