Жақсы аудандық «Уәли» мешітінде Жақсы аудандық кітапханасының кітапханашылары қуғын - сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Зобалан жылдар жаңғырығы» митинг - реквиемін өткізді.
Іс - шара барысында жүргізушілер еліміздің тарихындағы қиын жылдар туралы айтып берді.
Жақсы аудандық «Уәли» мешітінің бас имамы Райымбек Қадырбайұлы дұға бағыштауды.
Жақсы аудандық "Уәли" мешітінің алқа мүшесі, ауылының белсенді ақсақалы Жахин Қайрат аға жерлесіміз Мұхамеджанов Қапан туралы әңгімелерімен бөлісті.
Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, өлкетанушы, әуесқой ақын, Жақсы ауданы "Уәли" мешітінің алқа мүшесі, ауылының белсенді ақсақалы Зияда Нұржан исламның қайнар көзі, ізгілік пен адамгершілік орталығына айналған ұлт руханияты туралы айтып берді.
Қуғын - сүргін куәгері, Жақсы ауданының ингуш этносының өкілдерінің бірі - біздің жерлесіміз Губерт Орцхоевич Гезгу сөз сөйледі.
Сол кезегі Жақсы ауданының соғыс және еңбек ардагерлер кеңесінің тораймы Кәмилә Бекмұрзақызы берілді.
Іс - шара аясында «Ақтаңдақтар туралы ақиқат» атты кітап көрмесі мен фотосуреттер ұйымдастырылды және шолу жасалды.