Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Лозовое ауылдық модельді кітапханасы ауыл клубының фойесінде кең оқырмандар қауымы үшін «Конституция — мемлекеттік берік тұғыры» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде Қазақстан Республикасының Конституциясы, конституциялық құқық, мемлекеттік құрылым, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы басылымдар ұсынылды.
27 тамыз күні ашық әдеби шолу және «Ата заң — алтын қазық» атты викторина өткізілді. Викторина сұрақтары Конституцияның қабылдану тарихына, оның негізгі ережелеріне, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты болды. Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың құқықтық сауаттылығын арттыру және елдің Негізгі заңына деген құрметті қалыптастыру.
