Киев ауылдық кітапханасының кітапханашысы мен кітапхана оқырмандары Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Менің Конституциям – менің тірегім!» атты құттықтау челленджіне қатысты.
Челлендж аясында қатысушылар туған еліне жүрекжарды тілектерін білдіріп, бейбітшілік, өркендеу, бірлік пен амандық тіледі.
Бұл шара Қазақстан Конституциясын елдің тұрақтылығы мен дамуының негізі ретінде мақтанышпен атап өткен отансүйгіш азаматтарды біріктірді.