22 шілде күні Ешім ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасы Негізгі Заңының 30 - жылдығына арналған "Конституция - құқықтар мен бостандықтардың кепілі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар Конституцияның тарихи даму жолын, оның тәуелсіз мемлекет құрудағы және азаматтардың құқықтарын қорғаудағы рөлінің маңыздылығын талқылады. Адам құқықтары, азаматтық міндеттер мен соңғы жылдардағы реформаларға ерекше назар аударылды. Іс - шара Конституцияның маңыздылығын түсінуге және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал өтті.
