23.01.2019ж Жақсы ОКЖ балалар кітапхананың кітапханашысы Айтуова А.Ш және Жақсы №1 орта мектебінің 4-сынып жетекшісі Бактыбаева М.Б бірлесе отырып, бастауыш сынып оқушыларына мәнерлеп, сауатты түсініп кітап оқу шарасын өткізді. Мерекенің мақсаты: балалардың кітап оқуға құмарлықтарын арттырып, сапалы білім мен саналы тәрбие алу үшін көп оқып, көп іздену керектігін түсіндіру. Бұл мереке «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Кітап – білім бұлағы» шағын жобасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды. Білім – рухани жаңғырудың басты алғышарты. Ал ел болашағымыз білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті болу керек. Оған бізді не үйретеді, әрине алған біліміміз, ал білімнің қайнар көзі – кітап. Ал кітаптың маңыздылығын кеңінен балаларға түсіндіру осы салада қызмет атқарып келе жатқан біздердің басты міндетіміз.