Киев ауылдық кітапханасында Алғыс айту күніне арналған «Ризашылықта шек жоқ» атты іс-шара өтті. Кітапханашы кіші оқырмандар тобының балаларымен «Рахмет» және «Алғыс» сөздерінің мағынасы туралы әңгімелеп, бұл сөздердің және басқа да сыпайы сөздердің маңыздылығын, сондай-ақ оларды қарым-қатынаста жиі қолдану керектігін еске салды, бірлікке, патриоттыққа, өзара көмек көрсетуге, айналадағы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу - жас ұрпақтың маңызды міндеті.
Мақсаты: Қазақстан халқы Ассамблеясының мысалында «алғыс», «мейірімділік», «ізгі адам» ұғымдарының көп қырлы сипатын ашу.