2 маусымда Балаларды қорғау күніне орай Лозовое ауылдық модельдік кітапханасы ауылдық клубпен бірлесіп, "Кемпірқосақтың жеті түсі" атты ойын - сауық бағдарламасын өткізді. Бағдарлама ойындардан, жарыстардан, викториналардан және флешмобтан тұрды. Сондай - ақ, балаларды ертегі кейіпкерлерімен кездесу күтіп тұрды. Көңілді мереке тәтті тағаммен аяқталды.