2026 жылғы 17 маусымда Қима ауылдық кітапханасында Әкелер күніне арналған «Әке мен бала – ұрпақ сабақтастығы» атты отбасылық ойын-кеші өтті. Іс-шара барысында қатысушылар «Мерген», «Ең жылдам» және «Арқан тарту» спорттық-ойын сайыстарына қызығушылықпен қатысып, өздерінің ептіліктерін, күштерін, мергендіктерін және командада жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті. Кездесудің ерекше сәті – ұлдарының әкелеріне арнаған ізгі тілектер мен жылы лебіздер жазылған кітаптарды сыйға тартуы болды. Іс-шараға 11 адам қатысты.
