1 сәуірде "Зеленый островок" үйірмесінің жұмысы аясында "Дән" балабақшасының тәрбиеленушілеріне Балалар кітапханасының қызметкерлері Халықаралық құстар күніне арналған "Құстарға қамқор болайық" экологиялық сағатын өткізді.
Іс-шара барысында балалар құстардың алуан түрлілігімен танысты, олардың табиғаттағы маңызы және қауырсынды достарына ұқыпты қарау қажеттілігі туралы білді. Балалар әңгімеге белсенді қатысып, тақырыптық жұмбақтар шешіп, сұрақтарға жауап беріп, өз бақылауларымен бөлісті. Іс — шара соңында балалар алған білімдерін бекітті және құстар біздің достарымыз, оларды қорғау және күту керек деген қорытындыға келді.
