Киев ауылдық кітапханасының кітапханашысы Күншуақ балабақшасының тәрбиеленушілеріне ертегілер әлеміне қызықты әдеби саяхат өткізді. Шара барысында балалар балаларға арналған жаңа кітаптармен танысып, қызықты әңгімелер мен ертегілер тыңдап, әңгімеге белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп, алған әсерлерімен бөлісті. Кітапханашы балалардың оқуға деген қызығушылығын, кітапқа деген сүйіспеншілігін оятып, ой - өрісін кеңейтуге тырысты.