"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

-2025 жылдың 21 қазанында Қима ауылдық кітапханасының кітапханашысы жасөспірімдер тобы үшін «Қазіргі мен болашақты жалғау» атты тарихи хронограф өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдерін саралап, ел дамуына әсер еткен тарихи оқиғаларды, сондай-ақ қазіргі кезеңнің маңызды жетістіктерін талқылады. Іс-шара аясында «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты ақпараттық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге еліміздің даму тарихына қатысты маңызды оқиғалар хронологиясы, тарихи тұлғалардың портреттері, дәйексөздер мен әдебиеттер енгізілді. Оқырмандар көрме материалдарымен үлкен қызығушылықпен танысып, тарихи жадының маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті, еліміздің жетістіктеріне деген мақтаныштарын білдіріп, жастардың болашақтағы рөлі туралы пікір алмасты.

Мемлекеттік бағдарламалар