2025 жылғы 15 желтоқсанда Қима ауылдық кітапханасында кіші жастағы оқырмандар үшін «Қазақстанның өз жолы, өз болашағы» атты библиосаяхат өткізілді. Іс-шара барысында балалар Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алу тарихымен, оның рәміздерімен және егемендік жылдарындағы жетістіктерімен танысты. Кітапханашы мемлекетіміздің алғашқы қадамдары, тәуелсіздіктің маңызы және ел Президентінің ел дамуына қосқан үлесі туралы айтып берді.
