Іс - шара барысында кітаптағы елорданың басты сәулеттік көрнекі жерлері, заманауи ғимараттары мен қаланың символдары бейнеленген жарқын фотосуреттер көрсетілді.
Онлайн - экскурсия қатысушыларға Астана туралы көбірек білуге, Қазақстанның әсем әрі заманауи елордасы үшін мақтаныш сезімін сезінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бұл шара оқырмандардың аталған кітаппен жақын танысуына жол ашты.