29 сәуірде Моховое ауылдық кітапханасы мектеппен бірлесіп «1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне арналған ашық іс-шара өткізді. Іс-шарада әр сынып бір ұлттың өкілі болды: орыстар, украиндар, белорустар, немістер, өзбектер және, әрине, қазақтар. Іс-шараға қатысушылар әртүрлі тілдерде ән шырқап, ұлттық билерді орындады.Шара соңында әр ұлт өзінің ұлттық тағамын дәм татып көруді ұсынып, борщ, палау, вареники, штрудель, чак чак, бауырсақ пен шелпек, қазы, сонымен қатар барлығы тұз қосылған бір бөлке наннан дәм татты. Іс-шара көңілді өтті. Іс-шараға барлығы 50-ден астам адам қатысты.