24 қараша күні Новокиенка ауылдық кітапханасының кітапханашысы кең оқырмандар қауымына арнап «Қазақ эпосының ғажайып әлемі» атты бейнеролик дайындап, жариялады. Бейнеролик қазақтың әйгілі ақын-импровизаторы Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 165 жыл толуына орай шығарылды.
Бұл бейнематериал оқырмандарды ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыруға, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесін насихаттауға, жастардың ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
