25 қараша күні Новокиенка ауылдық кітапханасының кітапханашысы қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушысы, демократ, саяхатшы, этнограф және фольклортанушысы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Қазақ эпосының ғажайып әлемі» атты бейнеролик дайындап, көпшілік оқырман назарына ұсынды.
Бейнеролик Шоқан Уәлихановтың қазақ фольклорын зерттеуге қосқан үлесімен, оның Қазақстанның мәдениеті мен тарихындағы маңызымен таныстырады. Қолжетімді түрде қазақ эпосының байлығы, оны сақтау мен жас ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы ашып көрсетіледі.
