1 қазан күні Калининское ауылдық кітапханасында оқырмандардың кең ауқымы үшін «Қарттарым аман-сау жүрсін» деген тақырыпта тағылымды іс-шара өткізілді.
Бұл шара Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылып, негізгі мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен еңбегін жас ұрпаққа үлгі ету болды.
Іс-шара барысында оқушылар ата-әжелеріне арнап құттықтау сөздер айтып, жүрекжарды өлеңдер оқып, жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара өте әсерлі, жылы әрі тәрбиелік мәні жоғары форматта өтті.
