Киев ауылының кітапханашысы ауылдық клубтың мәдени ұйымдастырушысымен бірге Қарттар күніне орай құттықтау акциясын өткізді.
Іс-шара жылы, шынайы көңіл-күйде өтті. Ауылдың құрметті қарт тұрғындарын мерекемен құттықтап, гүлдер тарту етіп, өмірлік тәжірибесі, даналығы мен қоғам дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірдік.
Бұл акция аға буынға деген қамқорлық пен құрметтің белгісі болды, қатысушыларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
