Белагаш ауылдық кітапханасында «Қайым Мұхамедханов — Абай мұрасын сақтаушы» атты әдеби-шығармашылық кеш өткізілді.
Іс-шара Қайым Мұхамедхановтың шығармашылығы мен ғылыми мұрасын, абайтануды зерттеу мен сақтаудағы еңбегін насихаттауға бағытталды. Кеш барысында қатысушылар ғалымның өмірі мен қызметі туралы мәлімет алып, сондай-ақ кітап көрмесінің материалдарымен танысты.
Әдеби-шығармашылық кеш оқырмандардың таным көкжиегін кеңейтіп, қазақ халқының рухани мұрасына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
