9 ақпан күні Запорожье ауылдық модельді кітапханасында жасанды интеллекттің заманауи қоғамдағы рөліне арналған «ИИ нашими глазами» атты интерактивті көрме өтті. Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларға жасанды интеллекттің мәні, оның қолданылу салалары және қазіргі цифрлық технологиялардың маңызы туралы ақпарат берді. Іс-шара соңында балалар жасанды интеллектті өз көзқарастары бойынша сипаттап, оның күнделікті өмірде қалай қолданылатынын айтты. Сонымен қатар, жасанды интеллектті пайдалану арқылы болашақ кітапхананың қандай болатыны жөнінде өз ойларымен бөлісті.