2025 жылдың 24 қыркүйегінде Жаңақима ауылдық модельді кітапханасы «Kitap time» акциясы аясында «Ғажайып кітап әлемі» атты әдеби жәрмеңке өткізді.
Жас әдебиет сүйер қауым үшін кітап көрмесі ұйымдастырылып, балаларды кітаптың сиқырлы әлемі күтті. Балалар «Ойлан тап» викторинасына белсене қатысып, оқыған кітаптары және олардан не үйренетіні туралы әңгімелерімен бөлісті.
