Мақсаты: оқушылардың ғарыш туралы білімдерін дамыту.
Дәл осы қазақ жерінен ғарышкер Юрий Гагарин 1961 жылдың 12 сәуірінде ғарышқа алғашқы ұшуын жасады.
Балалар ғарышты игерудің басында тұрған адамдарды тағы да еске алып, бірінші ғарышкердің ізімен жүріп өткендердің зор жетістіктерін, Қазақстандықтардың ғарышты игерудегі қосқан үлесі туралы бағалады. Қазақстандықтар жоғары атақтар мен мемлекеттік наградаларға ие болған ғарышкерлерімен мақтана алады. Орбитада болған - Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов.