12 мамыр күні Чапаев ауылдық кітапханасында «Есірткіге — жоқ!» атты ақпараттық дәріс өтті. Іс-шара барысында оқушылар есірткінің зияны, оның денсаулыққа тигізетін кері әсері және салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы ақпарат алды. Қатысушыларға тақырыптық буклеттер таратылып, шағын сауалнама жүргізілді. Іс-шара танымдық әрі қызықты өтті.