8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жақсы аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары кең оқырман қауымына арналған «Ене мен келін: жаңа көзқарас» атты ток-шоу ұйымдастырды.
Кездесудің қонақтары Қаскеновтер әулетінің енесі мен келіні болып, олар өзара сыйластық пен ізгі қарым-қатынас орнатудағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Ток-шоу барысында қатысушылар бір-бірімен қалай тіл табысатынын, тұрмыстық мәселелерді қалай шешетінін, отбасыдағы сенім мен жылулықты қалай сақтайтынын әңгімеледі.
Іс-шараға сондай-ақ психолог маман қатысып, отбасылық қатынастарды нығайту бойынша кәсіби кеңестерін берді.