15 желтоқсанда Калининское ауылдық кітапханасында оқырмандардың кіші және ортаңғы топтары үшін «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында тарихи сағат пен презентация өтті. Шара барысында кітапханашы оқырмандарға Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері, тарихи маңызды оқиғалар, егемендік жылдарындағы жетістіктер және еліміздің дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы жан-жақты мағлұмат берді.
Оқырмандар тәуелсіздіктің басты белгілері саналатын Елтаңба, Ту, Әнұран сияқты мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасымен танысып, өз ойларымен бөлісті.
Презентация барысында көрнекі слайдтар, фотосуреттер және бейнематериалдар көрсетіліп, қатысушылар тарихи деректермен танысты.
