Домбыра күні жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде тойланатын болады.
Ұлттық Домбыра күні аясында Жаңа Қима модельдік кітапханасының кітапханашылары «Березка» лагерінің балаларымен «Жүректен кіріп бойды алар» атты танымдық сағат өткізді. Кітапханашылар балаларға домбыраның шығу тарихы және оның Гиннес рекордшылар кітабына енгізілгені туралы, содан кейін Қытайда 10450 домбырашылардың қазақ күйі «Кеңесті» орындағандары туралы айтты.
Іс шарада ұлы қазақ домбырашыларының шығармалары орындалды. Балалар «Домбыра күйі» музыкалық кітабының инновациялық дыбыстайтын қаламынан әртүрлі шығармалар тыңдады.