2025 жылдың 15 желтоқсанында Жаңақима ауылдық модельді кітапханасы жастар тобы үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Ел тәуелсіздігі мен егемендігі - келешек ұрпақтың болашағы» атты әдеби-тарихи көпірін өткізді. Бағдарламада «Желтоқсан оқиғасынан» бүгінгі күнге дейінгі тарихи белестерге шолу жасалып, Отан, Тәуелсіздік, батырлар туралы жырлар оқылды.
Шарада «Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз» атты кітап көрмесі қойылды. Іс-шара жылы және танымдық атмосферада өтті. Қатысушылар тамаша білімдері мен ынталарын көрсетті.
