22 қазан күні Калининское ауылдық кітапханасында оқырмандардың кең ауқымы үшін "Егемендік - ел мұраты" тақырыбында танымдық іс-шара мен слайд-журнал өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандарға Тәуелсіздік ұғымының маңыздылығы туралы ақпарат беріліп, тарихи деректер ұсынылды. Сонымен қатар, слайд-журнал арқылы көрермендер еліміздің өткені мен бүгіні жайлы мәлімет алып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосқан тарихи тұлғалармен танысты. Іс-шара соңында қатысушылар егемен еліміздің жарқын болашағына сенім білдіріп, Тәуелсіздік – ең қымбат құндылық екендігін атап өтті.
