25 қыркүйекте Киров ауылдық кітапханасының кітапханашысы Киров мектебімен бірлесе отырып, жасөспірімдер тобына арналған "Еңбексіз өмір – ешқайда бармайтын жол " викторинасын өткізді.
Іс-шара барысында балалар викторина сұрақтарына белсенді жауап берді.
Кітапханашы балаларға еңбектің не екенін, адам өміріндегі еңбектің маңыздылығы туралы айтып берді, балаларға ауылдың егістіктерінен ата-аналарының қалай егін жинайтынын көрсетті.
Еңбек күнін мерекелеу аясында өткен іс-шара балаларға әр адамның өміріндегі еңбектің құндылығын жақсы түсінуге мүмкіндік берді.
