28 қаңтар күні Чапаев ауылдық кітапханасында көрнекті қазақ күйшіcі Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығына арналған «Дина Нұрпейісова — дала күйшіcі» атты өнер сағаты өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар Дина Нұрпейісованың өмірбаянымен, белгілі күйлерінің шығу тарихымен және домбыра музыкасының қазақ халқы мәдениетіндегі маңызымен танысты. Шара қатысушылардың зор қызығушылығын тудырып, ұлттық музыкалық мұра туралы білімдерін кеңейтуге ықпал етті.