"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

«Әдеп code» жобасы аясында Балалар кітапханасының қызметкерлері «Шаш өру – қазақ қызына тән» атты сайыс ұйымдастырды. Іс-шара қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптеуге, қыз балалардың эстетикалық талғамы мен ұқыптылығын қалыптастыруға бағытталды.
Сайыс барысында қатысушылар әртүрлі кезеңдік тапсырмаларды орындады: «Таныстырсам өзімді», «Шашбаулым» (әртүрлі шаш үлгілерін көрсету), «Ақылды қыз білімге жүгірер» (мақал-мәтелдер), «Қызға қырық үйден тыйым» (ырым-тыйымдарды білу), «Білгенге маржан» (шаш күтімі). Қатысушылар тек шаш өру өнерін ғана емес, сонымен қатар өздерінің білімділігі мен тапқырлығын да көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.
Жүлделі орындар:
Гран-при – Арманқызы Жанбота;
І орын – Утегенова Диляра;
ІІ орын – Жетпысбай Дилара;
ІІІ орын – Көшекбай Еркетай.

Мемлекеттік бағдарламалар