2025 жылдың 23 маусымында Жаңақима ауылдық модельді кітапханасында балаларды кітап оқуға баулу және бос уақытын қызықты өткізуді ұйымдастыру мақсатында «Демалыс. Ойна. Оқы!» атты әдеби боулинг өтті.
Іс - шара белсенді ойындарды оқумен және кітаппен танысудан ләззат алған балалардың басын қосты. Кейбір балалар жаңа қызықты кітаптар мен кейіпкерлерді ашты. Әдеби боулинг достық және көңілді жағдайда өтті.