2025 жылдың 16 сәуірінде 17 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік гемофилиямен күрес күні қарсаңында орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары Жақсы аудандық ауруханасының жалпы практика дәрігері Ертас Мұратұлы Уановтан «Тұқым қуалайтын ауру. Гемофилия» атты сұхбат алды.
Әңгіме барысында оқырмандар гемофилияның не екенін, оның пайда болу себебін, оның қаншалықты қауіпті екенін және ауруға күдік туындаған кезде не нәрсеге назар аудару керектігін білді.