Чапаев ауылдық кітапханасында «Президент Жолдауы - болашаққа бағдар» атты шолу-талқылау іс-шарасы өтті
Қатысушылар Жолдаудың негізгі бағыттарымен танысып, ел дамуының басым бағыттарын талқылады және президенттік бастамалардың қоғам үшін маңызы туралы өз пікірлерін ортаға салды. Іс-шара мазмұнды әрі танымдық түрде өтті.