8 мамырда Моховое ауылдық кітапханасы мектеппен бірлесіп «Бізге бұл дүниені қорғау өсиет етілген» атты еске алу сағатын өткізді. Іс - шара Қазақстанның Әнұранымен басталды, мектеп директорының құттықтауынан кейін кітапханашы барлығын Жеңіс күнімен құттықтап, ауылымыздың ардагерлерінің есімдерін оқып берді, барлығы бір минут үнсіздікпен еске алды.Шараға қатысушылар Жеңіс туралы тақпақтар оқып, ән шырқады. Шара соңында қатысушылар Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды