10 қараша күні Запорожье ауылдық модельді кітапханасында Ұлттық валюта күніне арналған «Біздің өміріміздегі ақша» атты қаржылық сауаттылық сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты-балалардың күнделікті өмірдегі ақшаның рөлін түсінуін, қаржылық сауаттылықтың негіздерін және ақшаны дұрыс пайдалануды дамыту болды. Кездесу барысында балалар ақшаны ұқыпты пайдалану жолдарын талқылап, өз байқауларымен және өмірлік мысалдарымен бөлісті, сондай-ақ ұлттық валюта туралы қызықты деректермен танысты. Білімді бекіту мақсатында интерактивті бөлім өткізілді: қатысушылар шағын тәжірибелік тапсырмаларды орындап, пікірталастарға қатысты. Іс-шараның соңында қатысушылар үйренгендерін көрсетіп, ақшаның адам өміріндегі маңызы туралы өз ойларымен бөліскен шағын бейнеролик түсірілді. Іс-шара қызықты әрі достық жағдайда өтіп, балалардың қаржылық сауаттылыққа деген қызығушылығын арттырып, ақшаның құндылығын түсінуге ықпал етті.