Осыған орай Жақсы ОКЖ Терісаққан ауылдық кітапханашысы Кеңесова Еркеназдың ұйымдастыруымен ауған соғысының ардагері Жапимов Әлім Науқанұлымен «Ауған алапаты» атты кездесу кеші өтті. Кітапханашы оқырмандарға Әлім ағаның өмірлік жолы туралы, оның марапаттары мен ерліктері туралы айтты. Ардагер қойылған сұрақтарға жауап беріп, қасіретті соғыстың қиыншылықтары туралы баяндап берді. Сонымен қатар кездесу барысында ауған соғысы туралы бейнероликтер көрсетіліп, Әлім ағаға арналған өлеңдер мен билер орындалды. Кездесудің соңында ардагерге әкімшілік және кітапхананың атынан сыйлық берілді.