2026 жылғы 5 наурызда Беловод ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Қабдеш Жұмаділов – халық тағдырының шежірешісі» атты ауызша журнал өтті. Оқырмандар жазушының өмірбаянымен және ұлттық мүддені қозғайтын «Тағдыр» романымен танысты. Шара аясында «Қабдеш Жұмаділов – дәуір үні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
