"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында 2024 жылы  Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған, оның 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілген

Аудандық және Балалар кітапханасының кітапханашылары «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының ашылуы аясындааясында балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің алып бәйтерегі» атты оқырман конференциясын өткізді. Кітапханашы және балалар кітапханасының жас оқырманы «Менің атым Қожа» кинофильмінің үзіндісінен театрландырылған қойылыммен оқырмандар конференциясын ашты. Содан кейін аудандық кітапхананың кітапханашысы Айнұр Қайдаулова жазушының өмірі мен шығармашылығы және оның шығармалары туралы айтып берді. «Бір ел – бір кітап» акциясының ашылуына ОКЖ директоры Г. А. Райымбекова сөз сөйледі.Кітапхана оқырмандары оқыған шығармалары, режиссер А.Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмін көру туралы пікірлерімен бөлісті.  Автордың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі туындылары көрсетілген фото-кітап көрмесі ұсынылды. Іс-шараға кітапханашылар, оқырмандар және шақырылған қонақтар қатысты. 45 адам қатысты. Акцияның мақсаты: ұлттық әдебиеттің үздік туындыларын насихаттау, рухани мұраны сақтау, жастарды оған тарту.

https://www.instagram.com/p/C3Wxhlvo2-F/?igsh=bjI2bzQ2bWl1azVy


Жаңа Қима  модельді ауылдық кітапханасы мен мәдениет үйінің қызметкерлері "Гармония" қызығушылықтар клубының қатушылыларымен бірінші отырысын бірлесіп өткізді, онда әрқайсымызды толғандыратын мәселелерді талқылап, өздері туралы айтып, бір жылға арналған жоспарларды талқылады. Сондай – ақ кітапхана бойынша экскурсия өткізіп, кітап көрмесінде Б.Соқпақбаевтың "Бір ел-бір кітап"акциясы аясында өмірбаяны мен шығармашылығымен танысты.

Мақсаты: белсенді өмірге тарту, бос уақытты ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру, салауатты өмір салтын насихаттау, шығармашылық әлеуетті анықтау.

Ссылка:https ://www.facebook.com/

Ссылка: https ://www.instagram.com/


Лозовое модельді кітапханасында Б.Соқпақбаевтың шығармалары бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы орай 4-5 сынып оқушылары арасында «Жазушы – балалық шақтан келеді» атты әдеби жур-фикс өтті. Балалар жазушының шығармашылығымен танысып, оның қиын тағдырын білді. Әрине, бәрі бірге Б.Соқпақбаевтың ең әйгілі «Менің атым Қожа» кітабын талқылап, осы кітап бойынша түсірілген аттас көркем фильмнен қызықты үзінділерді тамашалады. Мақсаты: жазушы шығармашылығын кеңінен насихаттау, жазушы шығармаларын оқуға деген қызығушылықты ояту, Қазақстан балалар жазушылары туралы білімдерін арттыру.

https://www.facebook.com/share/p/nHEudctSqLtVNZRz/?mibextid=Nif5oz

Мемлекеттік бағдарламалар