"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

2022 жылы ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері және саяси публицист, реформатор, Алаш партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың (1872-1937) туғанына 150 жыл толады.

Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми және әдеби шығармашылығына арналады.

2022 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша еліміз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын келесі бағыттар бойынша зерттейтін болады:

- «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»;

- «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»;

- «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері»;

- «Қазіргі ғылымдағы Байтұрсыновтану».

2022 жылдың 11 ақпанында жақсы Балалар кітапханасында "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясының ашылуы өтті. Аталған іс-шараның мақсаты А.Байтұрсыновтың әдеби мұрасына оқырмандық қызығушылықты дамыту болды.

Іс-шара барысында кітапханашылар "Бір ел – бір кітап" акциясы туралы айтып, биылғы жылы Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері мен қанатты сөздерінің жинақтары жалпы жұрттың назарына ұсынылды. Іс-шараға қатысушылар "Маса"поэтикалық жинағынан өлеңдер оқыды. Шара соңында атты кітап көрмесіне  шолу жасалды.

Мемлекеттік бағдарламалар