Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.
Жақсы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашылары оқырмандарға «Бір ел – бір кітап» акциясы туралы мәлімет беріп, кітап көрмесі таныстырылып, көрмеге қойылған әдебиеттерге шолу жасалды, әр – түрлі іс – шаралар өткізіліп, кітапша таратылды.