Белағаш ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Бір дәуірдің қос үні» әдеби мінбері өтті. Шара барысында қазақтың белгілі қаламгерлері Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармалары талқыланып, олардың әдеби мұраларының маңыздылығына тоқталды. Мақсаты: қазақ әдебиетінің алтын қорына енетін шығармалармен таныстырып, көркем сөз құдіретін сезіну.